0:00 / 0:00
Облыс орталығында филология ғылымдарының докторы, отыз жыл ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Қажым Жұмалиевтің туғанына 110 жылдық мерей тойына орай халықаралық конференция өтті. Жиын барысында Махамбеттің жырларын тұңғыш зерттеген ғалымның еңбектері мен ұстанымдары талқыланған еді.
Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазақ әдебиетіне поэзия арқылы танылып, кейін отыз жылдық ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Қажым Жұмалиевтің туғанына биыл 110 жыл толды. Қазақ әдебиетінің Абайға дейінгі кезеңін зерттеген ғалым Махамбеттің мұрасын қағазға түсіріп, шығармаларын жинап бастырды.
Ғалымның мұрасы оның білімі, бүгінгі қазақ әдебиетін танып- білуде маңызды рөл атқарып келеді. Оның еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау бағытында ұйымдастырылған халықаралық конференцияға ғалымның көзін көрген шәкірттері мен филология саласында еңбектеніп жүрген ғалымдар, шетелдік меймандар қатынасты.
Ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ғылым академиясының академигінің құрметіне арналған шара Батыс Қазақстан Инновациялық Технологиялық университетінің қабырғасында Қажым Жұмалиевтің атындағы ғылыми -зерттеу орталығының ашылуымен өз жалғасын тапты.