0:00 / 0:00
Облыс орталығында бадминтоннан еліміздің біріншілігі өтіп жатыр. Аталмыш жарыс 2004-2005, 2006 жылдан кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылуда. Ақ жайық өлкесінде ұйымдастырылып жатқан шараға сегіз команда бақ сынауға келген.
Ақ жайық өлкесінде бадминтон спорты түрі бұқара халық арасында аса танымал болмаса да, осы спортты жанына серік қылған жас спортшылардың қарасы жыл санап артып келеді. Бүлдіршіндердің білігі мен білімін шыңдау үшін түрлі чемпионаттың оздырылуы жас спортшыларды ширатып, тәжірбие жинақтау ісінде таптырмайтын мүмкіндік екендігі сөзсіз. Облыс орталығында аталмыш спорт түрін жанына серік қылған жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды. Бұл турнирде 80 спортшы бақ сынап жатыр.
Аталмыш спорттың жаттықтырушылары жыл санап бадминтонға қызыққан балалардың саны артып келеді,- дейді. Бұл спорт түрлі смартфондардың салдарынан көзі біртіндеп кеміп бара жатқан бүлдіршіндерге пайдалы. Жастайынан осы спортты жанына серік қылған жас спортшылар жеңіске жету үшін табандылық керек,- дейді.
Ел біріншілігі екі кезеңде ұйымдастырылып жатыр. Бірінші командалық есепте Батыс Қазақстан облысының құрамасы екінші орынды міне тұтса, бас жүлдені Түркістандық спортшылар қанжығалапты. Облыс орталығында ұйымдастырылған жарыс қарашаның он алтысында қорытындыланбақ.