Елбасы биылғы жылы жолдауында келер 2019 жылды жастар жылы деп жариялауға ұсыныс білдірген еді. Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған тұстан бастан, жастарға ерекше көңіл бөліп, қолдап келеді. Ақ жайық жастарын қандай мәселе толғандырады, жастар үшін тағы қандай жұмыстар атқыралуы керектігін білмек мақсатта облыс аумағында "Жастарға арналған 101 идея" атты қоғамдық науқан басталды. Аталмыш компанияның мақсаты: барлық батыс қазақстандық жастардың ойын білу, ұсыныстарын негізге ала отырып, жастар үшін жұмыстың басты бағытын анықтау. Мағжан ақын сенім артқан жастардың жобалары кеңінен талқыға түсіп, түрлі іс- шараларда нақтыланбақ. Ұтымды жобалар мен озық ойлар келешекте жастар жол картасына да енгізілмек.