Биылғы жылдың 10 айында шаһарымыздың аумағында 655-ден астам алаяқтық факті тіркелген. Бұл туралы полиция қызметкерлері мәлімдеп отыр. Сала мамандары келтірген дерекке сүйенсек,алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, кейін құнды заттарын қолды қылатын көрінеді. Соңғы күндері жиһаз жасап беремін деп азаматтарды алдаған қылмыскерлердің саны көбейген. Мәселен, қала тұрғыны жиһазын жаңарту үшін 127 мың теңгені санап берген. Кейін, 1988 жылғы алаяқ ақшаны қалтаға басып, ізін жасырыпты.