Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасын алмастыру туралы шешім қабылдағаны барша қазақстандықтарға мәлім. Осыған байланысты айбынды елтаңбамызда "Қазақстан" жазуы латын графикасына алмастыру туралы шешім қабылданып, өзгертулер заңды күшіне енді. Елтаңбалардың баршасы біртіндеп алмастырылмақ. Сондай-ақ, өзгертулер елтаңбаның түсіне де қатысты болып отыр. Мәселен, қазіргі қолданыста жүрген елтаңбаларда 16 түс қолданылыпты. Бірақ, тиісті өзгертулерге сәйкес, түстердің саны 8-ге дейін қысқарып отыр.