0:00 / 0:00
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы халықтың игілігіне жұмыс жасап тұр.Үйі жоқтар үйлі болып, баспана мәселесі шешіліп, тіпті ауруханаларға қажетті қымбат құрылғыларды да ос ыбағдарлама арқылы сатып алу жүзеге асып жатыр.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік дегенде бұрын кәсіпкерлер үрке қарайтын еді.Тіпті тұрғындардың өздері сенім білдіре бермейтін. Ал, қазір осы бағдарлама арқылы Орал қаласының өзінде екі үй бой көтеріп онда апатты үйлердің тұрғындары орналастырылды. Кезінде тозығы жеткен үйде тұрып жатқан таныстарының жарқыраған үйге көшіп, қоныс тойын тойлағанын көргендер осы бағдарлама туралы сұрастырып, ниет таныта бастады. Жалпы Орал қаласының өзінде 41 апатты үй бар.
Қазір осы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында тағы бес үйдің құрлысы жүріп жатыр. Жалпы осы бағдарлама арқылы үй саламыз деп қаладғы 11 апатты үй сүрілген екен. Биыл жылдың аяғына дейін екі үйдің құрлысы бітіп, тұрғындар қоныс тойын тойлайды деп күтіліп отыр. Құрылыс компаниялары да осы бағдарламаның тиімділігін көріп отырғандарын айтты.
Роберт Ирменов, құрылыс компаниясының жетекшісі:
Бұл бағдарлама ең алыдмен тұрғындар үшін тиімді деп айтар едім. Себебі бірнеше жылдар бойына апатты үйде тұрып, қиналып келген қала тұрғындары жаңа үйге көшіп, қоныс тойын тойлайды. Сондықтан халық өздері осы бағдарламаны қолдап бізге сенім білдіреді.
Қазір мемлекеттік жекеменшік әріптестік тек тұрғын үй саласында ғана емес, балаларды балабақшамен қамту ісінде, ауруханаларға қажетті қымбат құрылғыларды алу мәселесіне де көмегін тигізіп отыр.Тіпті елге қажетті емхана ашу, студентерге жатахқана салу ісіне де осы бағдаралама көмекке келіп жатыр. Алда осы бағдарламаның көмегімен халықтың қажетіне жарайтын біраз дүниелер болады деп күтіліп отыр.
Айгүл Садықова, МЖӘ орталығының бас сарапшысы:
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бұл өте тиімді бағдарлама.Әсіресе кәсіпкерлер үшін тиімді дер едім. Олар ұзақ мерзімді келісімге қол қою арқылы халыққа қажетті тұрғын үй, жатахқана, балабақша салады. Олар тек өздеріне ғана көмектеспейді, Осы арқылы мемелкетке қол ұшын береді.
Мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағдарламасы арқылы ендігі жылы студенттерге жатақхана салу да жоспарланып жатқанын айта кетейік.