Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кептеліс көбейген...

c 16:45, 30/10/2018 c 710

0:00 / 0:00

Кезегін күткен жүк көліктері бірнеше шақырым аумақты алып жатыр. Ал, көлік иелері бұл кептелістің әлі қанша уақытқа созыларын білмей отыр.жол мұраты жету демекші, Жүк көліктерінің бірі тиеп келе жатқан тауарын уайымдаса енді бірі межелі жерге жетуге асық.

Сейіл Баймұханов
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Біраз уақыт болды тұрғаныма. Түнгі екіден осы уақытқа дейін 12 сағаттан асып кетті-ау шамасы. Бізге, әрине, қолайсыз. Нақты себебін білмейміз. Тек құжат тексеруде жаңа жүйе енгізілген деп естіп отырмыз.

Аюб Лиров
КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
Тауарымызды уақытында жеткізбесек бізге айппұл салынады. Біз шекарада тұрғынымызды клиенттереге видеоға түсіріп жібердік. Пияз алып келе жатырмыз.

 

Уайымға батқан жүргізушілер мұны шекарадағы тексерістерге енгізілген өзгергеністен көреді. Яғни, 22 қазаннан бастап жүк көліктерінің құжаттарын мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеріс бастаған көрінеді. Айтуларынша, ішкі нарықты қорғауды көздеген орган қосымша құн салығын төлемей, тауар таситындарды әшкерелемек. Бірақ, мамандар бұл кептеліске не себеп болғанын айта алмады. Жүк көліктерінің ел шетінде кідіргенін шекарашылар да мойындайды. Олардың сөзінше, бұл-жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс.

Нұрлан Сақпосынов
2029 ӘСКЕРІ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазір өткен аптамен салыстырғанда шекарадан өткен көлік саны 500-ге азайған. Сондықтан, шекара бекетін сегіз жолақты етіп ұлғайтса, кептеліс болмас еді.

Өзге де сала мамандары аталмыш қолайсыздықтың түйіні бірер күнде шешіледі дейді.
Енді арнайы мониторингтік топ өкілдері бұл мәселені республика деңгейінде көтермек ниетте. Өйткені, бұл жағдай ел аумағындағы шекара бекеттерінде қалыптасып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.