0:00 / 0:00
Өңірімізде "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасының аясында 831 кәсіпкер мемлекеттің қолдауына ие болды. Мемлекет олардың өз кәсібін ашып, оны жандандырып, жоқ- жітігін түгендеу үшін қыруар қаржы бөліп келеді. Мәселен, 2010 жылдан бастап кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие мен керек-жарақ инфраструктурасын түгендеу мақсатта 99 млрд теңгедей қаражат бөлген. Өңірімізде кәсібін ашып, өзге азаматтарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді мемлекет қалай қолдайды?
Соңғы екі жылдың ішінде ауыл кәсіпкерлерінің саны артып келеді. Облыс көлемі бойынша ауыл тұрғындарының 36 млрд теңгені құрайтын 328 бизнес идеясы мемлекеттің тарапынан қолдауға ие болған.Сала мамандары кәсіпкерлікті қолдау үшін 109 қайтарымсыз грант берілгендігін де атап өтті. Олардың жалпы соммасы 177 млн теңгені құрайды. Кәсіпкерлердің әлеуетін арттыру үшін жұмыстанып жатырған бағдарламаның бірі "Бизнестің жол картасы -2020".
Мемлекет өз кәсібін ашып, түрлі қиындықтарға төтеп берген жандарды қолдауға әзір. Бұл қолдаудың бір парасы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар. Мемлекет ұсынған барлық қолдауларға ие болып келе жатырған кәсіпкердің бірі- Иса Жарылғасов. Ол кәсібін осыдан он екі жыл бұрын ашқан.
Кейіпкеріміз үй салған адамға қажетті дүниенің барлығын жасап,саудалаймыз,- дейді.
Кәсіпкер қазіргі таңда бизнес субьектілерін қолдайтын бағдарламалардың көптігін айтып, кәсіп ашам, оны дөңгелентем деген жандарға өз кеңесін айтты.
Сала мамандары мемлекеттің қолдауынан соң, өз кәсібін ашып, экономикаға үлес қосып келе жатқан орта және шағын бизнес өкілдерінің саны жыл санап артып отырғандығын айтады. Мәселен, 2017 жылы облыс көлемінде шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 45 мыңды құраса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 50 мыңға жеткен. Жекеменшік компанияларда 150 мың батыс қазақстандық еңбектенуде.