Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1800-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған

c 16:39, 26/10/2018 c 651

0:00 / 0:00

Биыл Батыс Қазақстан облысында жол ережесін бұзғаны үшін 1800-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция өкілдерінің айтуына қарағнда жаяу жүргіншілер көбіне өтуге болмайтын жерден кесіп өтеді, тыйым салынған белгіге қарамайды, көліктің жақындап қалғанын аңдамайды.

Өңірде оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста 29 қазан - 2 қараша аралығында «Абай болыңыз, жүргінші!» атты кең ауқымды шара қолға алынған.

Айта кетейік, биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысуымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тапқан.

Бұдан бөлек 91 адам жарақат алса, жүгіншілердің кінәсінен 4 оқиға тіркеліп, 4 адам түрлі жарақат алған. Бүгінгі таңда жол көлік оқиғасының алдын алау мақсатында шаһарда бірнеше жаяу жүргінші жолаға пайда болды.

ӘЛИЯ НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
"Жыл басынан бері қала аумағында 4 бағдаршам орнатылып, 30 қосымша жаяу жүргінші жолағы пайда болды. Қосымша тағы да 20 жүргінші жолағы жыл соңына дейін пайдалнылуға берілмек".

Соңғы кезде жол оқиғаларының жиілеуі автокөліктердің көбеюіне де байланысты болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.