Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек заңнамасын бұзған 55тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

c 11:25, 25/10/2018 c 726

0:00 / 0:00

Биылғы жылы 55 тұлға еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Тексерістің нәтижесінде 85 азамат жұмыстан шеттеліпті. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясының мамандары мәлімдеп отыр. Өңірімізде жалақыны төлеуге құлықсыз болған 185 өндіріс ошағы қарыздарын өтеген. Еңбек шарттарын жұмыс беруші қаншалықты сақтайды? Азаматтар еңбек нарығында құқықтарының қорғалуы үшін қандай шараларды қолға алуы керек? 

Еңбек нарығында жұмысшылардың құқығы жиі бұзылып, азаматтардың өміріне қауіп төндіретін деректер өкінішке орай жиі кездесіп отырады. Биылғы жылдың тоғыз айында жұмыс орынында мерт болған марқұмдардың саны үшеу.

Жалақы дауы да күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі. Биылғы жылы 740 азаматқа тиесілі жалақы толықтай төленген. Оның құны 228 млн теңгеден асып жығылады. Сала мамандары барлық жұмыс беруші қызметкерінің жалақасын әрбір айдың оныншы жұлдызынан кешікпей төлеуі керек,- дейді.

Арман Тұйғынбетов, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы басшысының орынбасары:
- Еңбек шартында көрсетілген уақыттан жалақы немесе өзге де төлемдер жұмыс берушінің тарабынан кешіктірілсе, жұмыс беруші кешіккен күні үшін қосымша ақы төлейді. Екіншіден, жұмыс беруші жалақыны үнемі кешіктірсе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, жұмысшының жалақасын кешіктіретін жұмыс берушілер қылмыстық жауапкершілікке де тартылады.

Сала мамандары жұмыс беруші мен жұмысшының арасында қандай да бір кикілжің орын алмас үшін ең алдымен еңбек шартын жасауға кеңес береді.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.