Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Желідегі жазбасының (пост) кесірінен сот алдында жауапқа тартылды

c 18:41, 24/10/2018 c 822

0:00 / 0:00

Әйгілі спортшы Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған, бұрынғы мұғалім Шерханға бүгін үкім шықты. Айыпталушыны алда қандай жаза күтіп тұр?

Сот әйгілі спортшы Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған мұғалімді 4 жылға шартты түрде шектеу туралы үкім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлімі, яғни, әлеуметтік, ұлтаралық алауыздықты тудырды деген айып тағылған Шерхан Байзенов «Instagram» парақшасына Денис Теннің суретін салып, «...қытайларды өлтіру керек» деп жазба қалдырған болатын. Оның бұл әрекеті орны толмас қазаға қайғырып жатқан жұрттың ашу-ызасын тудырғаны да белгілі.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде бірқатар сараптамалар жасалуы себепті 25 жастағы Шерхан Байзенов мемлекетке 12 459 теңге айппұл төлеуі тиіс. Судья айыптының өз әрекетіне өкініп, халықтан және чемпионның ата-анасынан кешірім сұрағыны және ауылдастарының жағымды пікірі ескеріліліп шартты түрде жаза тағайындалғанын атап өтті. Бұған дейін Шерхан Зеленов ауданы Белес ауылындағы мектепте физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарғаны аян. Алайда ол аталмыш қызметті жалғастыра ма жоқ па бұл жағы беймәлім.

Ал айыпты болас қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.