Сот жүйесін оңтайландыру мақсатында жаңа жоба іске қосылды. Аталмыш жоба азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге өз септігін тигізбек. Яғни, азаматтар арнайы бағдарламаны ұялы телефонға жүктеу арқылы сотқа келмей, мәселесін шеше алатын мүмкіндікке ие болып отыр. Ол үшін азаматтар арнайы өтініш беру керек. Өтінішті жазбаша, факс пен тіпті электронды түрде жолдай алады.Сала мамандары ғаламтордың көмегімен 52 істі қарап шыққан.