Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Міндет - мінсіз қызмет

c 18:30, 18/10/2018 c 593

0:00 / 0:00

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет жоспарын - 102,7% ға орындады. Сонымен қатар жыл басынан бері 78 кедендік тексерудің қорытындысы нәтижесінде 17 құқық бұзушылық анықталған. 

ҚР мемлекеттік кірістер департаменті биыл ел қазынасына жоспар бойынша - 201,1 млрд.теңге қаржы құюы қажет болса, аталмыш мемелекеттік мекеме 206,4 млрд.теңге сома өндіріп, межелі жұмыс 105,9 % орындалған.

Сонымен қатар мемлекеттік кірістер басқармасы мамандары кедендік орган өкілдерімен бірлескен оперативтік-іздестіру шараларының нәтижесінде көлеңкелі экономикаға қатысты бірқатар деректерді анықтады. Мәселен шаһарда осы жылдың 9 айында 20 заңсыз ойын алаңдарының көзі жойылып, көлемі 5 млн.қораптан астам акциздік таңбасыз темекі бұйымдары сақталған қойма жойылған.

ТЕМІРЛАН ШОНАНОВ,
БҚО МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАР

Бұл ретте, осы темекі бұйымдарының шыққан орынын растайтын құжаттары болмай шықты. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-т. бойынша қылмысқа дейінгі тергеу тіркелді. Және ел аумағына Ақтау қаласындағы «МОРПОРТ» кеден бекеті арқылы заңсыз өтіп кеткен 14 млн. дана. Құны 5 млрд. теңгеден асатын темекі өнімдерінің саудасына тосқауыл қойылды. Бұндай шаралар Орал және Ақсай қ. аумағында да бірнеше мәрте жүргізілді. Сондай-ақ 518 мың дана шарап өнімдері тәркеленіп, 500 млн теңегінің тауары жойылды.

Бұдан бөлек облыста жалған ақша жасау дерегі бойынша да бірнеше факті орын алған. Жыл басында шаһарда 20 000 теңге болатын жалған ақшамен есеп айрылысқан бірінеше кінәлі тұлға қылмыстық іс барысында қолға түскен. Адамдардың сеніміне кіріп, жалған кәсіптерін жандандырмақ болғандар 5 жыл бас бостандығынан айырылыпты. Егер де көлеңкелі экономикаға қатысты дектертерге куә болсаңыздар 53-84-27 сенім телефондарына хабарласуға болады.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.