0:00 / 0:00
«Телерадио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық телерадио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет еді. Осы орайда Батыс Қазақстан облысының телевизия саласы 2020 жылы толықтай цифрлық эфирге көшпекші. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен кездесуде ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мәлімдеді.
2018 жылдың соңында Қазақстан Республикасының бірқатар облыстарында цифрлық теле және радио хабар таратылуын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталады. Цифрлық телевизияны енгізу жұмыстарының бірінші кезегі барысында, ағымдағы жылдың аяғында Маңғыстау (қазан), Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан (желтоқсан) облыстарын цифрлық телевизиямен толық қамту жоспралануда.
НҰРГҮЛ МАУБЕРЛИНОВА,
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Мемлекетіміздің басқа аймақтарында цифрлық эфирлік телевизияны енгізу жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі. Аталған жұмыстар жоспар бойынша 2021 жылы аяқталатын аналогтық телевизия хабарын таратуды өшіру жұмыстарымен қатар жүргізілетін болады. Батыс Қазақстан облысы 2020 жылы толықтай цифрлық хабар таратуға көшеді деп жоспарланып отыр. Келер жылы қажетті құрылыс жұмыстары қолаға алынбақ.
Қалалық әкімдікте өткен БАҚ өкілдерімен өткен басқосуда жергілікті газет журналистері болашақта газет, журнал сынды баспасөз құралдарының болашағына алаңдаушылық танытты.
НҰРГҮЛ МАУБЕРЛИНОВА,
АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Газет бүгінде элиталық тауарға айналды. Қанша ғылым жетістігі байқалғанымен зиялы қауым өкілдері, басшылар мен кәсіпкерлер газеттен көп ақпарат алады. Тек журналистер интернет желісіне қысқа ал газет беттеріне толық журналисттік зерттеуден өткен ақпарттарды жариялауы тиіс.
Басқосуда бұдан бөлек, Елбасының жолдауынан туған атқарылуы тиіс бірқатар міндеттер талқыланды.