Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалдықты табыс көзіне айналдыру

c 16:31, 16/10/2018 c 1519

0:00 / 0:00

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, одан энергия үнемдегіш және экологиялық таза өнімдер өндіру мемлекетіміздің алға қойған басты бағыттарының біріне айналды. Бұл орайда энергия тиімділікті арттыруға арналған арнайы заңдар қабылданып, жаңа экологиялық кодекс бойынша биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинап, оларды қайта өңдеп, жаңа өнімді өндіру туралы шешім қабылданды. Елімізде бүгінге дейін түзілген әр түрлі қалдық 50 млрд. тоннаға жетіп қалды. Аз емес. Шетел болса қайта өңдейді, өртейді, әйтеуір кәдеге жаратады. Ал, бізде қоқыс деп қарап, қомақты қаржыны полигондарға көміп жатырмыз. Осы орайда облыс аумағында 318 қоқыс орындары және 2 полигон олар Орал мен Ақсай қаласында орналасқан.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ,
ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ
Мәселен, биылғы сегіз айдағы жағдай бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу көлемі республикада 10,5 пайыз болса, облыста 2 пайыз көлемінде. Қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қазақстандықтардың 72 пайызы қамтылса, ал батысқазақстандықтардың 60 пайызы мұндай игілікті көріп отыр. Экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сай полигон саны ел көлемінде 17 пайызға жетсе, БҚО-дағы 318 полигонның тек 8-і (2,5%) талапқа сай.

Айта кеткен жөн соңғы кезде облыста картон және қағаз қалдықтары азды-көпті қайта өңделіп жатса, пластмасса мен автомобильдің ескі дөңгелектері де кәдеге жарап нәтижесінде жаңа индустриялық инновациялық жобалар пайда болуда. Қоршаған ортаға қауіпті саналатын тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандырудың бір жолы жаңа технологияны пайдалана отырып, қалдықтан жаңа бір қажетті дүниені тудыру. Осы орайда облыста келер жылдан бастар бірқатар жобалар жүзеге аспақ.

Бүгінде облыста қалдықсыз технология әдісі бойынша 14 кәсіпорын жұмыс жасап, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуда. Ал алдағы жылы бірінеше жаңа жоба іске қосылатын болса табиғатқа залалын тудырар бірқатар мәселенің бетін қайтарар едік.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.