Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өз әйелін ұрып-соғып өлтірген

c 18:15, 15/10/2018 c 1038

БҚО-да өз әйелін өлтірген Мұрат Жұмағалиевке сот үкімі шықты. Кәдімгі қарапайым отбасындағы ұрсы керістің соңы кісі өлімімен аяқталып отыр. Қысқаша қайырсақ оқиға былай өрбіген. Осы жылдың шілде айының 13 күні үйге кешкісін ішіңкіреп  келген отағасы Мұрат Жұмағалиев әйелімен келіспей қалған.Сол күні әйелі де аздап ұрттап алған болып шыққан. Отағасы сегіз жасар қызын көшеге шығарып жіберіп, әйелді соққыға жыққан. Кейін өзі үйден шығып  кетеді.Үйге келген 8жасар қыз бала анасының басы қан-қан болып төсекте жатқаның көріп, көршілерді көмекке шақырған.Оқиға орнына келген жедел-жәрдем бригадасы әйелдің өлімін тіркепті. Оқиға орнына дереу полиция жетіп, күдікті Мұрат Жұмағалиевті дереу тұтқындаған. Қазір күдіктінің бар қылмысы дәлелденген. Осылайша өз қолымен әйелін өлтірген Мұрат Жұмағалиевті 9 жылға бас бостандыған айыру туралы сот үкім шығарды.

Бірақ бұл үкіммен марқұмның туыстары келіспей отыр.Олар сот үкімі күшіне енгенге дейінгі аралықта кері шағым түсіреміз деп мәлімдеді. Марқұм әйелдің туған сіңілісі бүгін сот процесіне қатысып, шешіммен мүлдем келіспейтіндігін, бұл жаза қылмыскер үшін тым жеңіл деп есептейтіндігін айтты.

Марқұмның сіңілсі
Біз балалар үйінде тәрбиелендік, біздің ешкімімз жоқ, заңды білмейміз, сондықтан да арызды дұрыс жазбаған секілдіміз. Білмеймін, әйтеуір заңды білмейтін болғандықтан өз құқығымызды да дұрыс қорғай алмай тұрмыз, мен шешіммен келіспеймін. Кері шағым түсіремін.

 

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.