Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Басқа пәле-тілден

c 17:52, 12/10/2018 c 904

Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді қолдап, әлеуметтік желіде жазба қалдырған мұғалімнің соты басталды. Орал қалалық соты қоғамда ұлттық алауыздықты қоздыру бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесін ашық түрде өткізуде. Зеленов ауданының Белес ауылында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаған 25 жасар Шерхан Байзенов осы қылығы үшін қызметінен шеттетілген болатын.

Сот процесі орыс тілінде басталды. Алайда сотталушы Шерхан Байзенов істің қазақ тілінде жүргізілуін сұрағаны мәлім болды. Сол себепті алғашқы процесте үзіліс жарияланып, судья залға аудармашыны енгізді. Айыпталушы тарап сондай-ақ сотта БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Денис Тенге қарақшылық шабуыл жасалып, қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырғанда 25 жасар мұғалім жігіт Шерхан Байзенов әлеуметтік желіде қылмыскерлерді қолдап жазба қалдырған еді. "Бір қытай үшін зарламаңдар. Жерің мен қыздарыңды жаулап алғанда зарлап жыларсыңдар деген жазбада өлтірген адамдар жарады",- деген сынды пікір аза тұтқан көпшіліктің ашу-ызасын туғызған-тұғын. Артынан Байзенов аңдамай сөйлегені үшін бейне жазба арқылы кешірім сұрады.

Байзеновтің үстінен ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігіне сай әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру фактісімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Айыпталушы 25 жасар Шерхан Байзенов өз кінәсін мойындап, бұл ісіне өкінетінін оның қорғаушысы атап өтті. Сондықтан оған тағайындалатын жаза жеңілдеуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.