Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда ескі үй тұрғындары қорқынышпен күн көруде

c 16:32, 11/10/2018 c 751

0:00 / 0:00

Орал қаласының Достық даңғылы 27 мекен-жайының тұрғындары өздері тұратын ескі үй опырылып түседі ме деп қауіптенеді. 2 қабатты 4 пәтерлік ғимаратты өз қалталарынан жөндеуге қаражаттары жетпей отыр. Ал тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын пайдалануға ғимараттың аумағы сай келмейді. Әкімдік қызметкерлері бұл нысан апатты үйлер тізімінде жоқ деген мәлімет берді.

Есік-терезелері сықырлап әрең тұрған көне үйдің 100 жылдық тарихы бар дейді тұрғандар. Шатыры шұр-тесік болып, жабындылары шіріп кеткен ғимаратты жөндеуге аз қаражат кетпейді. Мұндай соманы біздің қалтамыз көтермейді дейді тұрғындар. Енді бір күні қабырғалары үгітіліп құлаудың шақ алдыгнда тұрған үй опырылып түседі ме қауіптенеді.

Үй қос қабатты болғанымен жеке тұрғын үй секторы болып саналады. Тұрғын үйде 4 пәтер бар, орналасқан аумақ та тым шағын. Сондықтан мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша мердігердің қызығушылығын туғыза қоюы екіталай. Дегенмен тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатысуға тілек білдіруге құқықтары бар. Айта кетейік, облыс орталығында 41 апатты көп қабатты тұрғын үй бар. Олардың қиындығы мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы арқылы шешімін тауып келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.