Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қант бағасы күрт қымбаттап кетті

c 15:38, 05/10/2018 c 747

0:00 / 0:00

Осыған дейін пайда болған түрлі сыбыс шындыққа айналғандай. Бүгінгі күні баға шарықтауы еліміздің барлық аймақтарында аңғарылып отыр. Бұған басты себеп-кеден одағына енбейтін елдерден қантты жеткізуге салынған тыйым болуы мүмкін деген болжам бар. Оның үстіне Қазақстанда нарықты қантпен қатамасыз етіп отырған жергілікті зауыттардың 60 пайызы қаңтарылып тұр.

Бағаның күрт көтерілуіне байланысы базарда құмшекерді қапшықтап артығымен алушылар саны артқан. Тұтынушылар өнім тапшылығы орын алады ма қауіптеніп, алдағы күнге қамданып жатыр. Бар-жоғы 2 аптадай уақытта қанттың бағасы екі есеге жуық қымбаттап кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде облыстардың тұрақтандыру қорларында 2,6 мың тонна қант сақтаулы екенін мәлімдеді. Бірақ баға бәрібір шарықтап отыр. Сатушылар бағаны ұстап тұруға әлдері жетпейтінін, барлығы жеткізушілер бекіткен бағаға байланысты өзгеріп жатқанын алға тартады.

Қант өндірушілерді өтінішіне ұлттық экономика министрлігі жауап қатқан болатын. Елімізде жыл басынан 138 мың тонна құмшекер өндірілген. Оның 121 мың тоннасы импорталған. Қант өндіруде шикізат пен импортқа ешқандай шектеу қойылмаған. Бұның бәрі қант бағасын тұрақты ұстап тұруға жеткіліксіз болып тұр. Қазіргі күні табиғи монополияларды реттеу агенттігі комитеті көтерме және бөлшектік бағамен құмшекерді жеткізушілердің баға өсіруі қаншалықты негізді екендігін тексеріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.