0:00 / 0:00
Биылғы жылдың өзінде Зеленов ауданында 637 ірі қара бруцелллез дертіне шалдыққан. Бұл туралы аудандық ветеринария бөлімінің мамандары мәлімдеді. Аудан көлемінде ауруға шалдыққан ірі қараның баршасы мал сою бекеттеріне тапсырылған. Сондай-ақ, бұралқы иттерді аулау мен жою бағдарламасының аясында 3711 бас төбеттің көзі жойылған.
Биылғы жылы Зеленовтық диқаншылар көктемдегі жауын шашынның аз түсуіне байланысты егіс алқаптарынан өткен жылмен салыстырғанда өнімді аз жинапты. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мәлімдеді. Сала мамандары келтірген дерекке сүйенсек, егістің жалпы көлемі 230,6 мың гектарды құраған. Бұл өткен 2016 жылмен салыстырғанда 114,7 пайызға көп. Сала мамандары биылғы жылдың сегіз айында 114,4 мың тонна өнім жинапты.
Ауыл шаруашылығының ең маңызды бөлігі мал шаруашылығы екендігі даусыз. Қазіргі таңда аудан көлемінде 800 құрылымы тіркелген. Оның ішіндегі 35 шаруашылық мал өсіріп, аудан әлеуетін арттырып отыр. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 42 мыңнан астам ірі қара тіркелген. Олардың 18 мыңдайы зеңгі баба тұқымы, жылқының өзі 5 мыңнан асып жығылады. Биылғы жылдың өзінде 23,8 тонна ет өнімі экспортталған.
Аудан көлемінде тіркелген ірі қара малдың 600-дейі бруцеллезз дертіне шалдыққан. Сала мамандары олардың баршасының көзінің жойылғанын айтып берді.
Аудан көлемінде 9 өндірістік кооперативтер қызмет жасап жатыр. Олардың 8-і мал шаруашылығында еңбектенуде.