Орал қаласында орналасқан Петровский мен Мәметова көшелерінің қиылысында жаңадан бағдаршам орнатылуда. Жаңадан орнатылған құрылғы көлік кептелісінің алдын алып, жол жүру ережелерінің аяқ асты болуына кедергі жасамақ. Жалпы алғанда қала көлемінде 65 бағдаршам орнатылыпты. Сала мамандары бұл құрылғыларды орнату барысында тұрғындардың арыз-шағымы мен құқық қорғаушылармен бірге ақылдаса отырып, орнатамыз дегенді айтады.