Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Перзентхананың төртінші қабатына арнайы техникамен шыққан атыраулық жұртты таңғалдырды

c 10:46, 04/10/2018 c 649

Әлеуметтік желілерде атыраулық ер адамның музыка қосып, төменде жиналып тұрған туған-туыстарының айғай-шуымен перзентхананың төртінші қабатына биікке көтеретін техниканың көмегімен шыққан видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Ер адамның бұл әрекетін қолданушылар түрліше бағалап жатыр. "Арнайы техниканы перзентхана территориясына кім кіргізген? Әйелдер бала босанып, қазір тойлайтындай жағдайда емес", - деп біреуі жазса, ал кейбірі ер адамның әйеліне керемет тосынсый жасағанын жазған.

Басылым тілшісі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен перзентханада мұндай мереке ұйымдастырудың дұрыс-бұрыстығын сұраған. Ведомстводағылар өз кезегінде босанған әйел мен сәбиді перзентханадан шығарып алудың қандай да бір ережесі жоқтығын, сондықтан "ойналып көру керек" екенін айтып жауап қатқан.

ІІД де қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/strange_news/perzenthananyin-tortnsh-kabatyina-arnayyi-tehnikamen-292479/

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.