Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы мемдерді көріп, езу тартқан екен
АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековты әзілге айналдырып, мем жасап, әлеуметтік желіге жариялаған графикалық дизайнер Никита Тарасенко түсініктеме жазып беруге міндеттелді. Бас прокуратураға шақырылуына наразы әйелдің арызы негіз болыпты.
24.kg хабарлағандай, арыз беруші қадағалау органынан мемлекет басшысының абыройын қорғауды талап еткен. Никита Тарасенко Қырғызстан президентінің Ыстықкөл жағалауында демалып жүрген суреттеріне әзіл-қалжың жазып, танымал болған еді. Көл жағасында, жағалауда, пирс басында – бүкіл жерде Жээнбеков қап-қара костюм киіп жападан жалғыз түскен. Мемдерде оны толғандырған сұрақтар: "Адамдар қайда? Қазір шынымен жазба өзі?".
Бас прокуратура баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл әзілдерге байланысты сотқа арыз жазуға еш негіз жоқ, сол себепті материалдар арнайы қызметке қайтарылды.
Кейінірек Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева БАҚ-қа мәлімет бергендей, бұл мемдерді оқыған Жээнбековтың өзі де езу тартыпты. Ал дизайнердің Бас прокуратураға шақырылғанына президент аппараты аң-таң болған екен.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/Asia/20181002/7441478/qyrqyzstan-prezidenti-mem.html