Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алматыда баланы ұрып жіберген интернат тәрбиешісі видеоға түсіп қалды

c 11:42, 03/10/2018 c 517

Алматыда баланы шымшылап, оны бетінен ұрып жіберген интернат тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға 1 қыркүйекте, дүйсенбіде жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған №10 жалпы білім беретін интернатта болған. Тәрбиеші үш оқушыны тақтаға шығарып, сыныптастарының көзінше айғайлай бастаған. Тіпті бір оқушының қолынан жұлқылап, бетін шымшып, ұрып жіберген.

"Біздің өзіміз есеңгіреп қалдық. Мектеп директоры бұл жайлы кеше ғана естіп, бірден шаралар қабылдады. Тәрбиеші педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды. Әйел өз кінәсін мойындады. Баланың ата-анасы шағым түсірген жоқ. Қазіргі уақытта білім басқармасындағылар жедел жиын өткізіп жатыр. Интернаттың жұмысы бақылауға алынды", - деп хабарлады Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Айтқұлова. Тәрбиешілердің мұндай әрекетіне жоғары білікті кадрлардың жетіспеушілігі себеп екені айтылады. Айтуларынша, осы қызметке жақсы маман табу қиын, себебі тәрбиешінің жалақысы өте аз және ондай жалақыға барлығы келісе бермейді. Айта кетейік, №10 жалпы білім беретін интернат жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға білім беретін екі оқу мекемесінің бірі. Мектепте шамамен 200 оқушы бар.

 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyida-balanyi-uryip-jbergen-internat-tarbieshs-videoga-292456/

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.