Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандық "калькулятор қыз" әлемдік рекорд орнатты

c 11:38, 03/10/2018 c 828

Менталды арифметика бойынша ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік рекордтар кітабына енгізілді

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Ақтау қаласының алтыншы сынып оқушысы Орынгүл Арыстан менталды арифметика бойынша әлемдік рекорд орнатқан команда құрамында болды.

26 минут, 26 секунд және 12 миллисекундта балалар 30 мың есеп шешкен, деп хабарлайды "Хабар 24". Сайыс Екінші Еуразиялық әйелдер форумы аясында Ресейде өтіпті, әлемнің түпкір-түпкірінен 150 оқушы қыз қатысқан.

Орынгүл Арыстан менталды математикамен бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Арифметикалық есептерді тез шешу қабілетінің арқасында Орынгүл "калькулятор қыз" деген атқа ие болған.

Оқушының айтуынша, байқауға бір ай бойы дайындалып, күніне екі сағат есеп шешкен көрінеді.

"Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Эстафета кезінде бір-бірімізге қарындаш бере отырып, мысалдарды орындадық", — дейді Орынгүл Арыстан.

Менталды арифметика бойынша оқытушы Қарлығаш Әбдірайымованың сөзіне сүйенсек, тарихтағы ең ұзақ математикалық эстафета Әлемдік және Азиялық рекордтар кітаптарына жазылған.

Ал, бір қызығы, қыз бала болашақта математик емес, дәрігер болуды армандайды екен.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.