0:00 / 0:00
Бұл жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі хабарлады. Аталмыш жұмыстар тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша атқарылмақ. Осы мақсатқа 125 млн. теңге бөлініп отыр.
Құрманғазы көшесі 112 мекен-жайындағы 9 қабатты тұрғын үйде жедел саты істен шыққанына 1 айдай уақыт болған. Тұрғындар ең жоғары қабатқа да жаяу баспалдақпен көтерілуге мәжбүр. Былтыр жедел сатының өндіруші зауыттан шыққан қызмет көрсету мерзімі аяқталып, техникалық тексеруден соң бір жылға жұмысын ұзартқан. Жыл сайын адам көтеруге арналған құрылғы күтімді қажет етеді.
Бұл үй "Чайка" ПИК құзырына қарайды. Қызметкерлер көршілес үйдегі жедел саты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жаңаланғанын және жоба құны қазіргіден арзанға түскенін айтады. Мердігер мекеме келісім шарт бойынша жедел сатынын ауыстыруға бір жарым айдай уақыт жұмсалмағын атап өтті.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, мемлекеттік бағдарлама іске қосылған мезеттен 94 тұрғын үй жөндеуден өткен. Қазіргі таңда тағы 10 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы жасақталыпты. Оның ішінде 7 жедел саты мен 3 ғимараттың шатырын жаңалау қарастырылған.