Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өзгенің көлігін ұрлап, бұзақылық жасаған бала мектепке бармайды

c 18:02, 27/09/2018 c 567

Орал қаласында жасына қарамастан автокөліктерді ұрлап аты шыққан кішкентай Никитаны мектеп психологтары мен педагогикалық комиссия үйден оқыту туралы шешім қабылдапты. 8 жасар Николай Керцманға 26 мектеп мұғалімдері үйіне келіп сабақ беріп жүр. Айта кетейік, бұл жүгігмек рұқсатсыз 3 көлікті ұрлап басқарып, ата-анасын миллион теңгеден астам шығынға батырған еді.

2018-жылдың 12 тамызында Николай Керцман Хюндай көлігін айдап қашып, Штыбы көшесінің бойындағы бетон блокқа соғылған болатын. Бұл оның соңғы әрекеті кезіндегі апат болатын. Жүргізуші шығынды 1 млн.теңге деп бағалады. Ешкімді бей-жәй қалдырмаған оқиған соң Никитаның аты шығып, тәртібі білім саласын, тіпті билік өкілдерін алаңдатты. Қала әкімдігіндегі кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі кеңеске шақырылған әкесінің көзінше Николай Керцман енді мұндай істі қайталамауға уәде етті. Уәдесіне тұрмаса, ата-анасын құқығынан айыру мәселесі қаралатыны қатаң ескертілген еді. Бүгінде мұғалімдер баланы үйден оқыту жөнінде шешім қабылдапты.

Николайды қазір қатаң бақылауға алған. Арнайы өзіне бір педагог тағайындалған. Ал отбасы мүшелері баланың осындай ессіз қадамға баруы үлкендердің үгіттеуінен соң болған оқиға деген пікірде. Баланың әкесі Владимир Керцман түйіскен көліктердің иелеріне шығынның бір бөлігін төлегенін мәлімдеді. 47 жасар азамат жүрек қан тамыр ауруларынан зардап шегіп, 2 топ мүгедектігін алған. Естеріңізге салайық, 8 жасар бала бір аптада 3 бірдей көлікті рұқсатсыз айдап кетіп, 1 млн 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.