Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында нан бағасының өсімі байқалуда

c 18:00, 27/09/2018 c 702

0:00 / 0:00

Орал қаласында нан мен кондитерлік өнім шығарушылар бағаны өзара келісіп көтерген. Басты себеп-өнім шығымының төмендігі мен астықтың қымбаттауы дейді дихандар. Алайда ауыл шаруашылығы басқармасы былтыр өнімділік биылғыдан 2 есеге төмен болғанын хабарлап, баға өсіміне айтарлықтай себеп жоғын алға тартты. Енді осы мақсатта арнайы тексеріс жүргізілетін болады. Егер бағаның негізсіз өскені анықталса, тауар өндірушілер айыппұлға тартылады.

"Ас атанасы-нан!" "Нан болмаса, ән де болмайды"- дейміз. Әлеуметтік маңызды деп саналатын өнімге бүгінде бұрынғыдай субсидия бөлінбейді. Сондықтан дихандар арзан нан шығару тиімсіз дегенді алға тартады. Себебі электр жарығы, май, ұн, бәрі қымбаттап отыр. Ал нан бағасы 2 жылдан бері өзгермеген. Ауыл шаруашылығы бақармасы бұл айтылғандармен келіспейді. Ұлан-ғайыр еліміздің әр аймағында өнімділік әр түрлі. Республика бойынша биыл 20 млн. тонна өнім алу күтіліп отыр. Өнім бағасы өседі ме, әлде жоқ па бұл жөнінде тексерістер өткен соң қазан айында нақты белгілі болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.