0:00 / 0:00
Қаламызда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық "Аcыл ана" көп балалы аналар байқауы оздырылды. Шараға облыс аудандарымен қатар, Орал қаласынан жалпы 12 көп балалы ана қатысқан болатын. Негізгі мақсаты көп балалы отбасыларды дәріптеу, абзал аналарымыздың қадір-қасиетін насихаттау. Шара барысында сайысқа қатысқан көп балалы аналарға "Әлқожа" бренді орамалдары, "Ғибадат" ЖШС бесіктері табысталды.
Ана болу-үлкен бақыт болса, көп баланы дүниеге әкелу-нағыз ерлік. Қоғамдағы көп балалы ананың қадірін арттыру, насихаттау бағытында тұңғыш рет облыстық '"Асыл ана" көп балалы аналар байқауы өтіп отыр. Жарыста облысымыздың алыс-жақын аудандарынан 12 көп балалы ана сайысқа түсті. Сайыс 6 кезеңді қамтыған болатын.
Сайысқа қатысушылар арасындағы ең жас, көп балалы ана небәрі 28 жаста. Бүгінгі таңда Теректілік жас ана 4 бала тәрбиелеп отыр. Жас ана сайыстан алған әсерімен, қуанышымен бөлісті.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде мен Сарыағаш шипажайына жолдаманы Теректілік ана жеңіп алса, 1-орын Қаратөбелік көп балалы анаға бұйырды.