0:00 / 0:00
Оларға 3,5 млн. теңгеден астам грантқа ие болу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев тілшілер алдында брифинг өткізіп, бағасы 900 млн. теңге тұратын су құбыры жобасы жөнінде айтып берді.
Су құбырының іске қосылуы ресми түрде осы жылдың қыркүйегінде аталып өтілді. Соның арқасында ауданның Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана сынды бес бірдей ауылы таза ауыз суына қол жеткізді. Су желісінің жалпы ұзындығы 133 шақырымды құрайды. Биыл бұдан өзге аудандағы Қаратөбе ауылында "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 14 бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып отыр. Кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі күні 667 бизнес субъектісі тіркеліп, оның 78і биыл жұмысын бастаған.
Қаратөбеде өндірілген өнім көлемі 2,5 млрд теңгені құрапты. Жақында 150 жер теліміне инженерлік желі жүргізу жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифингте әкім тілшілердің сауалдарына жауап беріп, аудан әлеуеті жөнінде баяндап берді.