Оны соңғы рет 17-қыркүйек күні Ғылыми-техникалық кітапхана аялдамасы тұсынан көрген. Карина Дустанова Ақсайға бару үшін вокзалда такси тұратын орынға өзін жеткізіп тайтайтын адамды күтіп тұрғанын айтқан. Марқұмның туыстары бойжеткенді жеткізіп тастауы тиіс жігіт те ізім-қайым жоғалғанын хабарлаған. Қазіргі күні Карина Дустанованың өлі денесі табылып отыр.
-2018 жылдың 24-қыркүйегі күні полиция қызметкерлерімен 1986 жылғы ер адам қолға түсті. Ол 1995 жылғы бойжеткенді өлтірді деп айыпталып отыр. Орал қалалалық ІІБ ҚР ҚК 99 бабының 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті",-дейді БҚО ІІД баспасөз қызметкері Әлия Наурызғалиева.