38 жастағы Иралия Камышева 2018 жылдың 13-қыркүйегінде үйден шығып кеткенен қайта оралмаған. Ал оның күйеуі Дмитрий Молчанов әйелі 3-ші мектеп ауданында тұратын құрбысына кеткенін ғана білетінн айтады. Телефонын электр қуатына қосулы күйінде қалдырған азаматша өзімен бірге 50 мың теңге қолма-қол ақша салынған сөмкесін ғана алып кетіпті. Бірнеше күн бұрын тап осы сөмке саябақтардың бірінен бос табылған. Иралияның туған-туыстары әйел жөнінде қандай да бір ақпарат білетін жан болса полицияға хабар беруді өтініп сұрайды.