0:00 / 0:00
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының көгілдір отын үшін берешегі 28 миллион теңге. Тек қыркүйек айының өзінде сотқа 17 миллионнан аса қарызы бар тұлғалардың ісі жолданыпты. Осы орайда сала мамандары жеке секторларда рейд шараларын ұйымдастырып, тұтынған қызмет үшін ақы төленбесе, орындалатын ақырғы шешім туралы ескертті. Коммуналдық төлем енді қалай өтелмек, борышкерлерге қандай шара қолданылады?
«ҚазТрансГаз Аймақ» қызметкерлері газға қомақты қарыздарын төлемей жүргендер компания үшін үлкен ауыртпалық болып тұрғанынын жасырмайды. Жыл сайын газға жинақталған қарыздар мәселесі жылыту маусымы басталар кезде орын алады. Бұл өз кезегінде компания үшін өте үлкен жүктеме болып отыр. Осы тұрғыда жергілікті атқарушы органдар борышкерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанымен нәтижесі көрінер емес. Желаев ауылдық округіндегі жеке секторға газбен қамту мекемесі тарапынан бір емес, бірнеше мәрте ескерту де берілген. Алайда нәтиже жоқ. Мамандар сол себепті бұл үйді жылудан ажыратып, газ құбырын бекітіп тастады.
КӘМШАТ АДІЛОВА
КОНТРОЛЕР
Мәселен бұл пәтердің берешегі 86 000 теңгені құрап отыр. Біз тұтынушымызға барынша мүмкіндік жасадық. Жаз бойы ескерту шараларын жүргіздік құлақ аспады. Енді қарызды өтеудің соңғы жолы бұғат қою. Өйткені басқа шара қалмады.
Желаев ауылдық округінде ұйымдастырылған рейд шаралары барысында тұрғындардың жауапсыздығына бірнеше мәрте куә болдық. Бірі есіктерін ашпады, енді бірі уақыттың жоқ екенін айтып мәселені шиеленістіре бастады.
Қазақстан Республикасы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңының 17 бабы 9 тармағына сай, шартқа сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық газ үшін борыштың болуы, газбен жабдықтаушыға бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық газ беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұру құқығын береді.
АПОЛЛОН БЕКТАУБАЕВ
ЗАМЕСТИТЕЛЬ ДИРЕКТОРА ТОО «РЦКУ УРАЛЬСК»
Біз бірден жазалау шараларын қолданбаймыз, алдымен әрдайым ескертеміз. егер бұл шаралар көмектеспесе, біз адамды сотқа береміз. Жыл басынан бері біз сотқа 2000-нан астам талап арыз бердік, осы айдың басынан бері шамамен 17 миллион теңге сомаға 200-ден астам талап арыз бердік.
Енді санаулы күннен соң аймақта жылу беру маусымы басталады. Газбен қамту мекемесінің қызметкерлері көгілдір отынға берешегі бар тұрғындарға сол уақытқа дейін қарыздарын өтеуді ескертеді. Әйтпесе, борышкерлер сақылдаған сары аязда жылусыз қалуы мүмкін. Ауылдық округтерде басталған рейд облыстың барлық аудандары мен қалада да жалғасады.