Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Емханаға тіркелуде таңдау құқығыңыз бар

c 16:55, 18/09/2018 c 727

0:00 / 0:00

Емханаларға тіркелу үшін азаматтар таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлігіңізді алып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Онлайн режімде тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Ал ХҚКО арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін қолдана аласыз.

ГҮЛНАРА АБДРАХМАНОВА
БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Емханаға тіркелер алдында отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі принциптерін ескере отырып, үйіңізге жақын емхананы таңдаған жөн. Бұл принцип науқасқа дәрігердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Ал жұмыс барысында немесе сізге қолайлы емхана қызметі сізге үйге келіп қызмет көрсете алмайды.

Орал қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін барлық денсаулық сақтау субъектісі тұрғындарды тіркеуге дайын. Оның ішінде 6 медициналық қызметті жеткізуші тіркелген халықпен жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда қала бойынша 1 қалалық емхана 7 мыңға жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетіп келсе 6 қалалық емхана 6 мың тұлғамен жұмыс жасайды.

КАШУРА АЖІҒҰЛОВА
ҚАЛАЛЫҚ №2 ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Оған қоса, дәрігерлерге түсе­тін жүктеме мен емхана­лардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленіп отырады. Бұл бо­йынша 1 жалпы практика дә­рігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс. Бұрын бір дәрігер 2000 адамға қызмет көрсетіп, оның емханалардағы кезек санын ұлғайтып келген.

 

Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорының fms.kz сай­тын­дағы «Клиника таңдау» бө­лі­мінде орналасқан.

 

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.