Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр

c 10:23, 14/09/2018 c 676

0:00 / 0:00

Шаһарымызда тұңғыш рет су добынан жасөспірім қыздар арасында ел чемпионатының бірінші кезеңі өтіп жатыр. Чемпионатқа 70-тен астам қатысушы жиналыпты. Жарыстың ұйымдастырушылары соңғы жылдары облысымызда осы спорт түрінің дамығандығын айтуда. Спортшылардың жетістігі де аз емес. Мәселен, биылғы жылдың өзінде спорт мектебінде білім алып жатқан спортшылардың екеуі халықаралық спорт шебері атанса, 21 жас Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленген.

Серік Нұрғалиев
Жарыстың ұйымдастырушысы
Шаһарымызда бірінші рет су добы бойынша ел чемпионаты болып жатыр. Біздің спорт мектебіміз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздіктен осындай чемпионатты өткізіп жатырмыз. Мысалы, Азия ойындарында Липилин алтынды қанжығалады. Біздің 2004 жылы туылған спортшы қыздарымызда ел біріншілігінде 3-ға ие болды. Қазіргі таңда судағы спортқа деген балалардың қызығушылығы жақсы.

Ақ жайық өлкесіне арнайы Елордадан ат артып келген жас спортшылардың көңіл- күйі көтеріңкі. Астаналық Айша есімді бойжеткеннің бұл спортпен шұғылданғанына екі жылдан асыпты. Осы уақыттың ішінде жас спортшы командасымен бірге бірнеше байрақты додаларда топ жарып үлгерген.

Су добынан өтіп жатқан чемпионаттың бірінші кезеңі 19-ы қыркүйекте қорытындыланбақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.