0:00 / 0:00
Орал қаласының тұрғыны Гүлдана Батырова өткен жылдың желтоқсан айында ақша алу үшін банкоматқа келеді.Банкомат картаны берген, бірақ ақшаны ала алмай кетеді.Банкомат 30 секунд ішінде ақшаны беріп болу керек.Ақша шықпағасын 3-4 минуттай күткен Батырованы ңе жолдасы кетіп қалады.Бірақ бонкамат араға бірнеше минут салып ақшаны шығарған. Мына видеодан көріп тұрғанадрыңыздай осы әйел банкоматқа жақындап келеді. Шамасы ол да банкоматтан ақша шешу үшін келсе керек. Бірақ бұл әйелге өз банкоматынан ақша шешудің қажеті болмай қалды, себебі мана бірінші тұтынушы ала алмай кеткен 100 мың теңге ақша шығып тұрған.Әйел ойланбастан ақшаны алып, жөніне кеткен.
Мұндай жағдайда нестеу керек.Заң бойынша 30 секундта шығу керек ақша шықпаған, сол себептен келесі кісі қаржыны қолды қылып отыр.Бірақ полиция бұл ұрлыққа жатпайды дегенді айтып ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды деп жауап беріпті. Көшедегі банкоматтан ақша жоғалту шынымен қылмысқа жатпай ма, біреудің мүлкін қолды ету неге қылмысқа жатпайды.Осы сұрақтармен біз қаламыздағы танымал заңгердің алдына барған едік. Заңгер қай уақытта болсын бөтеннің мүлкін иемдену жағдайында қылмыстық іс ашылып, тисті шаралар атқарылуы тиісті дейді.
ПАВЕЛ КОЧЕТКОВ
ЗАҢГЕР
Қазір осындай бағытта шағымданушылардың қатары артып келеді. Себебі түрлі жағдайлармен банкоматтан қаржысын ала алмай жүргендер көп. Ең алдымен тұтынушылар есепшотта қанша ақша бар екеніне көз жеткізу үшін чек алуы тиіс. Бұл сіздің есепшотыңызда ақша бар екенін дәлелдейтін құжат болып саналады. Кейін ғана қажетті қаржыны алған дұрыс. Ал банкомат 30 секундтың ішінде есеп айрысуы керек. Бұлай болмаған жағдайда күту қажет. Егер 1 -2 минут күту қажеттігін ескертсе, ешқандай байбаламға салмай сол орында болған абзал. Бәрібір келесі тұтынушы сіз енгізген операцияның аяқталуын күтеді. Ал асығыс болған жағдайда ең болмағанда танысыңызды немесе туысыңызды күте тұруға шақырған жөн. Ал құрылғының кез келген жағдайда істен шығуы немесе қызметті кеш ұсынуы мүмкін. Себебі суық күндері мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады. Ал заңды түрде уәкілетті орган өкілдері шағымданушы тұлғаның ісін қарауы тиіс. Себебі біреудің ақ адал еңбегін өзге адам қолды қылып отыр ғой.
Естіп отырғандарыңыздай ақшаны алып кеткен адамның үстінен қылмыстық іс қозғалу керек. Сондықтан да уақытты созбай дереу сотқа жүгінген абзал деп кеңес береді заңгер. Енді полициямен екі ортада жүгіріп шаршаған төрт баланың анасы ақшасын қайтара алмай отыр.Полиция ана әйелді іздеуден де бас тартқан, сонда айтатындары бұл жерде ешқандай қылмыс жоқ.Басы қатқан Гүлдана Батырова қала тұрғындарынан көмек сұрайды, егер осы әйелді көріп білгендер болса дереу хабар берулеріңізді сұраймыз.