0:00 / 0:00
Форумның ашылу салтанатында БҚО әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов сөз сөйлеп, осындай жобалардың аймақтың экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті. Биыл БҚО-да аталмыш форумға қатысып, өз идеяларын ұсынған 15 жобаны "SHELL LIVE WIRE" бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба "Сәттілік марафоны" форумы "SHELL LIVE WIRE" бағдарламасы аясында бизнес идеяларға қолдау көрсетпек. Аталмыш бағдарлама әлемнің 18 елінде жұмыс жасап келеді. 1982 жылдан бері 9,2 миллион жас кәсіпкерге көмектескен. Бұрын Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жұмыс жасаса, 2018 жылдан бастап Орал қаласына да аяқ басып отыр.
Іс-шара барысында табысты кәсіпкерлер өздерінің жетістікке жету тарихтармен бөлісті. Дағдарыс кезінде қалай әрекет ету керегін, қиындықтан қашпай, алға жылжу керегін айтты. Еуразиялық қайта құру және даму банкі арқылы қаржыландырылатын гранттарға қалай қол жеткізуге болады деген сұраққа бағдарлама игілігін көрген кәсікерлер жауап берді.
Ал Форумның ашылуына арнайы қатысқан БҚО әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов аталмыш бағдарлама мен жобалардың аймақтың экономикалық әлеуетін дамытуға қосар үлесі зор екенін атап өтті. Осы күнге дейін БҚО-да 41 жоба қаржыландыруға ие болған. Облыста осындай форматта алғашқы рет өтіп отырған "Сәттілік марафонына" 100-ден астам жас кәсіпкер қатысып, өз-өздерін жұмыспен қамту, жұмыс орындарын ашу, дағдарысты оңай еңсеру бойынша білікті мамандардың ақыл-кеңесін алды. Алда марафон аясындағы жұмыстар жалғасады.