0:00 / 0:00
Музей 4 экспозициялық залдан тұрады. Музейдегі ерекшелік-«Батыс Қазақстан облысының киелі жерлері», «Қазақ ұлттық баспасөз тарихы», «Алаш қозғалысының тарихы» және «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын залдарға орнатылған электронды карта арқылы мұражайға келуші өз бетімен жәдігерлер жөнінде мағлұмат ала алады.
19 ғасырдың аяғында бой көтерген тарихи ғимаратта орналасқан "Рухани жаңғыру" музейінің аумағы 260 шаршы метрді құрайды. Электронды дүңгіршектер арқылы осында тұрған адам БҚО тарихи-өлкетану музейі мен басқа да мұражайды бармай-ақ тамашалап, қалаған ақпаратын алуына, жәдігерлерді тамашалауына болады. Тарихи ескерткіштер жөнінде сыр шертетін орынның электронды форматқа көшуі заман талабына сай цифрлық жүйеге енудің бір көрінісі десек болады. Киелі мекендер жөнінде ауқымды мәлімет осы музейде жинақталып отыр.