Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2020 жылға дейін Орал қаласындағы 300-ге жуық көшенің атауы өзгеретін болады

c 16:24, 12/09/2018 c 819

0:00 / 0:00

2020 жылға дейін Орал қаласындағы 300-ге жуық көшенің атауы өзгеретін болады.Ол туралы "Ономастика-рухани тұтастық негізі" атты дөңгелек үстелде баяндалды. Жалпы бұл шараға тіл мамандары,ономастика саласының мамандары сонымен қатар зиялы қауым өкілдері қатысқан болатын.

Бүгінгі өткізіліп отырған шараның басты мақсаты ономастика саласының аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды қорытындылау, сонымен қатар жаңа ұсыныстар мен бағыттарды бағдарлау. Жалпы қаламыз бойынша бірінші жарты жылдықта 83 көше,1 сквер,1 алаңға жаңа атаулар берілсе,екінші жарты жылдықта 153 нысанға жаңа атаулар берілетін болады. Ол туралы тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұқанғалиев айтқан болатын.

Орал қаласының әкімдігіне келіп түскен ұсыныстар негізінен Зачаган кентіндегі көшелерге қазақша атау беру,Орал қаласының атауын өзгерту ,Круглозерное ауданына жаңа атау ұсыну төңірегінде болып отыр.Облыс бойынша ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 120 көше,1 аудан,4 елді-мекен,2 сквер және 5 географиялық нысан атаулары өзгертілген болатын.Бұл жөнінде Жомарт Ерназаров баяндама барысында жеткізді. Ең басты мәселе - өзгертілген атаулар туралы қала тұрғындарының хабардар болмауында болып отыр. Яғни, өзгертілген көше атауын немесе аялдама бекетін бұрынғы атаумен хабарлау.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық айтылған ұсыныстар республикалық деңгейде қаралатын болады. Ал Орал қаласының атауын өзгету мәселесін республикалық ономастика комиссиясы мен ҚР Үкіметі қарайтын болады.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.