0:00 / 0:00
Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев Кострома облысының сауда-өндірістік палатасы өкілдерімен кездесті. Ресми іс сапар барысында сауда-экономикалық мүмкіндіктер талқыланып, екі жақты келісім шарттың бағыттары нақтыланды.
БҚО Костромаға ет жеткізсе, олар бізбен орман өндірісі өнімімен алмасатын болады. АҚШ, Нидерланда, Ұлыбритания сынды бірнеше елмен әріптестікте жұмыс жасайтын Кострома облысының біздің аймақпен қарым-қатынасы бұрынырақ орныққан. Осы іс сапарда сол бастаманы жалғастыру көзделіп отыр. Қонақтар осы іс сапар барысында аймақтағы бірнеше өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігімен де танысқан болатын. Орман өнімдерінен бөлек, зергерлік бұйымдар, тоқыма өндірісі, машина құрылысы саласында да бірлесе жұмыс атқару бір жолға қойылмақ. Өкілдер аталмыш жүздесуде біздің аймақпен әлеуметтік қарым-қатынасты да жетілудірге ынталы екендерін білдірді. Ал БҚО Костромаға ірі қара етінен бөлек, макарон, шұжық өнімдері мен полиэтиленді пакет, құбырлар жеткізу бағытында серіктестікте жұмыс жасай алады. Кездесуде екі облыс арасындағы әріптестік жөнінде келісім шартқа қол қойылды.