0:00 / 0:00
Оралдықтардың сүйікті мекеніне айналған Дина Нұрпейісова көшесі құдды кешегі қазақ ауылының кейпіне енгендей әсер қалдырады. Бұл жерге киіз үй тігіп, шеберлер тырнақ алды туындыларын бұқара таныстырып жатты. Осылайша Оралдықтар қала күнін тойлауды бастады.
"ОРАЛ - ШЕБЕРЛЕР ҚАЛАСЫ 2018" атты көрме алдымен өнер иелері даярлаған концерттік бағдарлама басталып, Оралдықтарға тарту жасады.
Көрмеге туындыларын қойған өнер иелері бұқара халықтың қызығушылығын атап өтті. Бұндай шаралар шеберлер үшін керек екендігін тілге тиек еткен болатын.
Шеберлердің қолынан шыққан туындылардың көрмесі сегізінші қыркүйекке дейін жалғаспақ.