Орал қаласында бір адамды көлік қағып кетті. Лада приора маркілі көлік Деркөл кенті бағытындағы Конкин көшесінің бойында жаяу жүргіншіні қағып, денсаулығына ауыр зақым келтірген. 23 жастағы азамат оқиға орнынан жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Дереу ем шара тағайындаған дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.