0:00 / 0:00
Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Коституциямыздың қабылдағанына биыл 23 жыл толып отыр. Осы орайда бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ -де салтанатты шара өтіп, іргелі оқу орынның оқытушылар құрамы мен студенттері бас қосты.
Жиынды оқу орынынң ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы ашып, жиналғандарды Конституция күнімен құттықтай келе, Ата заңның мемлекетіміз үшін аса зор маңызы мен құқық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, университеттің ғалымдары да еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы жолында конституцияның маңыздылығына баса назар аударды.
Мерекелік шарада ҚР-ның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс хатымен бір топ оқытушылар марапатталды.
«Құқығын білген құр қалмайды демекші», демекші бүгінде аталмыш білім ордасын тәмамдаған аталмыш сала мамандарының 70 пайызы өмірден өз орындарын тауып, әділдіктің ақ жолында еңбек етіп келеді. Жыл сайын оқу орынынан шамамен 200-ге жуық студент құқық саласы бойынша жас маман атанады.
Салтанатты жиын соңында қатысушылардың назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.