Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөкейорда ауданында жаңа интернат қолданысқа берілмек

c 09:51, 29/08/2018 c 901

0:00 / 0:00

БҚО-да апатты мектептердің артуы 3 ауысымдағы мектептер санының өсуіне ықпал етіп отыр. Биылғы оқу жылында 4 апатты, 5 үш ауысымдағы мектеп жұмыс жасайтын болады. Лицензиясы жоқ мектептер жəйі де кезек күттірмей шешуді талап етеді. 1-қыркүйекте 15 айти сынып ашылады. Казталов ауданында апатты білім орнының орнына жаңа мектепті салу жобасының сметалық құжаты сараптамаға жолданған. Дариян ауылында мектеп-интернат ашылса, Бөкейорда ауданында жаңа интернат қолданысқа берілмек.

2017 жылы облыста 97 мың оқушы білім алған болатын. 11 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданса, биыл алғаш мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны 12 мыңнан асып отыр. Орал қалалық білім бөлімі жиһаз алуға 169 млн.теңгеге сұраныс білдірген. Әкімдік бұл өтініштің үштен бір бөлігін қанағаттандыруға ниетті.

Аймақтағы 46 мектептің 9-ында құбыр болғанымен су кіргізілмеген. Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы бұл асханадағы тазалықты сақтауға қауіпті. Сондықтан мəселені шешу керек деп дабыл қақты.

Жиынға төрағалық еткен облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов оқушылардың мектепке тасымалының қауіпсіз болуын қадағалап, көліктердің жетіспеушілігін аудандық бөлімдерге де шешуге тапсырма берді.

Қалада биыл республикалық бюджет есебінен салынған бір мектеп қолданысқа беріледі. Облыс мектептері қажетті оқулықтарын сатып алуға 2730 млн. теңге бөлініп, 90 пайыз қамтылған. Айта кетейік, мектептерге 205 педагог қажет болса, орыс тілі, орыс әдебиеті, математика және бастауыш сынып мұғалімдеріне сұраныс жоғары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.