0:00 / 0:00
65 жастағы зейнеткер Светлана Бирюковадан бөлек бұл үйде 5 адам тұрады. Азаматша үйін біреу әдейі өртеп жіберді деп күдіктенеді. Себебі алғаш шатырдан бір нәрсенің жарылғанын естіген. Қазіргі кезде іс ішкі істер органына жолданған. Әзірге отбасы төбесі шұрқ тесік, жартылай жанып, қираған үйдің қабырғасын пана тұтуда. Осы жағдайға байланысты үйлерін салқын түскенше жөндеп алуға биліктен пайызсыз несие беруді өтініп сұрап отыр.
БҚО Зеленов ауданының Мичурин ауылының тұрғыны Светлана Бирюкова сол күнгі жайтты әлі ұмыта алар емес. Көз алдында үлкен үйі өртеніп, күлі көкке ұшқаны өзегін өртейді. Таңғы уақытта оттың қалай тұтанғаны көңіліне күдік ұялатады. Әйел шатырда бір нәрсенің жарылған даусын естіп, сыртқа жүгіріп шығады.
-"2018-жылдың 22-тамызында сағат 9:23-те Зеленов ауданы Мичурин ауылында Энгельс көшесі 11 мекен-жайындағы 1-ші пәтерде екі пәтерлік жер үйдің шатыры өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады. Жалынның шығу себебі, шығын, және кінәлі тұлғалар анықталу үстінде. Оқиға орнына 4 бірлік техника мен жеке құрамнан 8 адамның күші тартылды. Өрт 11:00де толықтай ауыздықталды",-дейді БҚО ТЖД бас маманы Мирас Әлекешев.
Қызыл жалын 2-3 сағатта үйдің сау тамтығын қалдырмаған. Қазір отбасы лекерге келетін бір бөлмеде түнеп жүр. асхананың төбесін салафанмен жауып, жауыннан қорғану үшін үстінен қаңылтырдан шатыр құрып қойған.
Свелтана Бирюкованың ұлы үйді өз күшімен қалыпқа келтіруге тырсуда. Бірақ көпті көрген азаматша қанша тыраштанса да отбасының бұған қауқары жетпесін біледі. кәсіпкерлердің бірі құрылыс материалдарымен көмектескен. Мичурин ауылы әкімдігі арнайы акті жасалған соң 120мың теңгедей қаржылай көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Тілсіз жаудан зардап шегіп, шарасыз отырған Светлана Бирюкованың отбасына қол ұшын созамын дейтін жандар болса, 87781483535 телефон нөміріне хабарласуына болады. Айта кетейік, БҚО-да биыл 247 тұрғын үй секторы өртке шалынып, 5 адам қаза болған. Жалпы келтірілген шығын 5 млн жарым теңгені құрайды.