Соған орай, жолаушы көліктерінің қозғалыс сұлбасына да өзгерістер енгізіліп отыр. Атап айтар болсақ, Құрманғазы көшесінің бір бөлігі 1 айға, Сады көшесі жол учаскесі қазан айына дейін жабылады. Қалада 25 әлеуметтік нысанға жол салу жоспарланса, қазір оның 15-і дайын. Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік бөлімі хабарлап, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Орал қаласындағы қоғамдық көлік қатынайтын басты жолдың бірі орналасқан Құрманғазы көшесінің бір бөлігі бір айға жабылып отыр. Соған орай, Школьник, Лев Толстой аялдамаларына тоқтайтын маршруттардың жүру сұлбасына өзгеріс енгізілді. Биыл қалада 50-ден астам көше жолын жөндеу жоспарланса, қазіргі күні 35 жолдағы жұмыс аяқталған. Ал 20 шақты әлеуметтік нысанға кірме жолдардың 15-і қолданысқа тапсырылған. Қала тұрғындары ауқымды деңгейде атқарылған жұмыстар нәтижесі оңды болып, мердігерлер қызана қаржысы мен халықтың үмітін ақтау үшін өз істеріне жауапкершілікпен қарап, сапа талаптарын ескереді деген зор сенімдерін білдірді. Жоспарлы жол жөндеу жұмысына байланысты туындаған қолайсыздық үшін сала мамандары кешірім өтініп, жүргізушілерді сабырлы болуға шақырады.