Орал қаласында кезекті жер аукционы ұйымдастырылды. Бұл жолы облыс орталығында орналасқан 9 жер телімі аукционға салынған еді. Шараға қатысуға 17 азаматтың өтінімі қабылданыпты. Аукционға салынған жер телімдерінің ең үлкен учаскі 25 сотокты құрап отыр. Аталмыш жер телімі 2 млн теңгедей қаражатқа саудаланды. Азаматтар аукцион арқылы жер телімдерін тек 3 жылға жалдау құқығына ие болады. Осы аралықтың ішінде жердің иесі аталмыш учаскіні пайдалануы шарт. Жалпы алғанда шаһарымыздың аумағында бес рет жер аукционы ұйымдастырылып, 36 жер телімі саттыққа шығарылған.