Екі күнге жалғастан палуандардың сайысы өз мәресіне жетті. Аталмыш торқалы тойға Армения, Қырғызстан, Ресей, Грузия мен Қазақстанның 200 палуаны қатысқан болатын. Ақ жайық өлкесі самбоның туған жері саналғандықтан да, Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Сайыстың екінші күнінде абсолютты салмақта Ресейдің Рустем Арсланов есімді палуаны қарсыластарынан айласын асырып, жарыстың басты ұтысы автокөлікті тақымдады. екінші орынды Батыс Қазақстандық Олжас Сүйлеменов иеленсе, жүлделі үшінші орынды қазақстандық палуандар қанжығалады.