Орал қаласында 16-тамыз күні ҰБТ-ді ақылы негізде тапсырушыларға арналған сынақ басталады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де 1800 түлек аталмыш тестілеуге қатысқалы отыр. Сынақ ҚР Білім және ғылым министрінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес жүзеге асады. Нақтырақ айтар болсақ, ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін осыған дейін шекті балды алмаған, нәтижелері жойылған түлектер және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар ғана аталмыш тестілеуден өтетін болады.