0:00 / 0:00
Бұл жөнінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткізген брифингте мәлімдеді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы жарналары бойынша түсімдер 11 пайызға дейін артқан көрінеді. Және электронды қызметке жүгінушілер саны көбейіп келеді.
2018 жылдың алғашқы жартысында 5,6 млн. астам адам біыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударған. Салымшылар дерекқорында 2015-17 жылдары ашылып, содан бері бірде бір рет тұрақты түсім түспеген шоттар бары анықталған. Бүгінде зейнетақы қоры салымшыға шот ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін алуға дейінгі қызметтерді электронды қызметтерді көрсете алады. Қазіргі уақытта зейнетақы жарналарын сақтандыру компанияларына аудары және ерікті жарналар бойынша төлемдер алу секілді онлайн сервистер әзірленіп жатыр. БҚО-да зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 323 млрд. 792 млн. теңгені құрап отыр. Биыл өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы жарналары бойынша түсімдер 11 пайызға дейін артқан.